Тунис маңында қайық апатынан қаза тапқандар саны 20-ға жетті

Тунис маңында қайық апатынан қаза тапқандар саны 20-ға жетті
Trend.az

Қайықтағы адамдардың көпшілігі Сириядан келген. Бұл туралы Синьхуа агенттігі жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тунис жағалауында заңсыз мигранттар мінген қайықтың апатқа ұшырауынан 20 адам көз жұмған.

«Бүгін қауіпсіздік қызметкерлері Набеул жағалауынан сегіз мәйітті тауып, жалпы кісі өлімі 20-ға жетті», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, қайық жұма күні суға батып кетті. Оқиға Тунистің солтүстік-шығыс жағалауында Набеул қаласына жақын жерде болған. Адамдарды іздеу жалғасуда.