Колумбияның жағалау күзеті кокаин толы катерді ұстады

Колумбияның жағалау күзеті кокаин толы катерді ұстады

Колумбияның жағалау күзеті 3,4 тонна кокаинды алып бара жатқан катерді ұстады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әскерилер күдікті қайықты Сан-Андрес аралдарына жақын жерде байқап қалып, тоқтатуға тырысады. Бірақ қылмыскерлер жылдамдықты арттырып қашқан. Әскерилер катерді қуып жетіп, тексере келгенде құты мен қорапшаларға жасырынған кокаинды табады. Заңсыз жүкті алып өтпек болған 3 никарагуалық пен 2 костарикалық азамат болып шыққан.