Қытайда індет қайта өршіді

Қытайда індет қайта өршіді

Қытайда бір күнде 2600-ден астам адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Науқастардың көбі – Цзилинь қаласының тұрғындары. Провинция орталығында толық оқшаулану режимі енгізілді. Супермаркеттер мен дәріханалардан басқа барлық сауда орындары мен қоғамдық мекемелер жабылды. Тұрғындарға тестілеуден бірнеше рет өтуге нұсқау берілді. Бұл аймақта пандемия басталғалы індет қатты өршіп тұр.