Украина мен Ресей тұтқын алмасты ма?

Украина мен Ресей екі рет тұтқын алмасты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Ресейдің Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова мәлімдеді. Босатылған сарбаздардың саны нақты айтылған жоқ. Бірақ Захарованың бұл мәлімдемесін Украинаның вице-премьері Ирина Верещук жоққа шығарды. Осы айдың басында Украина президенті кеңсесі басшысының баспасөз хатшысы 9 ресейлік жауынгерді Мелитополь қаласыныің мэрі Иван Фёдоровқа алмастырғанын мәлімдеп, бұл ақпаратты ресейлік омбудсмен растаған болатын.