Шри-Ланкада жанармай тапшы: кезекте тұрған төрт адам ажал құшты

Шри-Ланкада жанармай тапшы: кезекте тұрған төрт адам ажал құшты
mir24.tv

Әсіресе, жермайға сұраныс артқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Табысы төмен тұрғындар 1 литр керосин алу үшін ұзын-сонар кезекте тұруға мәжбүр. Өкпесі қысылып, 3 адам және төбелестен 1 кісі ажал құшқан. Газ жеткізу бойынша елдегі екінші ірі компания көгілдір отынның бағасын 5 жарым долларға дейін көтеріп жіберген. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, қазір Шри-Ланка экономикасында соңғы 70 жылдағы ең ауыр дағдарыс болып жатыр. Халықаралық валюта ретінде доллар жетіспегендіктен, мемлекет импорт үшін ақша төлей алмай отыр. Салдарынан халыққа қажет тауарлардың бағасы өсті.