Оңтүстік Каролинада екі жойқын торнадо соқты

Оңтүстік Каролинада екі жойқын торнадо соқты

АҚШ-тың солтүстік-батысындағы Оңтүстік Каролина штатында екі жойқын торнадо соқты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Ұлттық метеорология қызметі хабарлады.

Дүлей дауыл бірнеше үйді жермен-жексен етіп, жүздеген ағашты опырып түсті. Маңызды жол жабылып қалған. Мамандар желдің екпіні сағатына 178 шақырымға жетті дейді. Әзірге торнадо салдарынан көз жұмғандар мен жарақат алғандар туралы ақпарат түскен жоқ.