Польша мен Германия Еурокомиссиядан көмек сұрады

Польша мен Германия Еурокомиссиядан көмек сұрады

Польша мен Германия билігі Еурокомисиядан украиналық босқындарды бөлу мәселесін қайта қарауды сұрады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ осы елдердің Ішкі істер министрлері әр босқын үшін 1 мың еуро көлемінде қаржылай көмек беруді өтінген. Украинаны тастап, шетелге ағылған адам саны 4 млн-ға жуықтап қалды. Бұл мәліметті БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары Филиппо Гранди келтірді. Бір ғана Польшаға 1 жарым млн украиналық табан тіреген.