Оңтүстік Кореяда зауыттағы жарылыстан екі адам қайтыс болды

Оңтүстік Кореяда зауыттағы жарылыстан екі адам қайтыс болды

Оңтүстік Кореяның Кенгидо провинциясы Ансан қаласындағы өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу зауытында жарылыс салдарынан екі адам қайтыс болды,  деп хабарлайды «Хабар 24» Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, жарылыс 10:24-те болған. Екі жұмысшы резервуарды қайнатқан цехтардың бірінде болған. Іште олардан басқа 90-ға жуық адам болған. Жарылыс салдарынан екі жұмысшы да оқиға орнында көз жұмды.

Жарылыстан болған өрт жедел ауыздықталды. Полиция мен өрт сөндірушілер оқиғаның нақты себебін анықтау үшін жұмыс істеуде.