Аргентинада шерушілер әлеуметтік төлем мөлшерін арттыруды талап етті

Аргентинада шерушілер әлеуметтік төлем мөлшерін арттыруды талап етті

Аргентинаның Буэнос-Айрес қаласында халық көтерілді.

Жиылған жұрт биліктен әлеуметтік төлем көлемін ұлғайтып, елде қосымша жұмыс орнын ашуды талап етті. Бүгінде Аргентинада әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындарға мемлекеттен ай сайын 160 АҚШ доллары көлемінде жәрдемақы төленеді.

Елдің Ұлттық статистика институты ұсынған мәліметке сәйкес, ел тұрғындарының 37,3 проценті кедейшілік шегінде өмір сүреді. Бұл шамамен 10 млн 800 мың адам.