Малайзия билігі туристерге шекарасын ашты

Малайзия билігі туристерге шекарасын ашты

Енді вакцина салдырған туристерге Малайзия шекарасы ашық, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шетелдік саяхатшылар міндетті карантиннен босатылды. Енді келушілер екпенің екі дозасын салдырып, ПТР-тест нәтижесін көрсетсе жеткілікті. Денсаулық сақтау министрі тиісті ережелер сақталмаған жағдайда қатаң жаза қолданылатынын ескертті. Билік өкілдері екі жылғы пандемидядан кейін туризм саласын қайта жаңғыртуды көздеп отыр.