Бакудегі түнгі клубтардың бірінде жойқын жарылыс болды

Әзербайжан астанасы Баку қаласындағы түнгі клубтардың бірінде жойқын жарылыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның салдарынан 1 адам қаза болды. Тағы 30-ға жуығы жараланған. Олардың екеуі – шетел азаматы. Бұл туралы елдің Бас прокуратурасы хабарлады. Қайғылы оқиғаға газ баллонының жарылуы себеп болған. Қазір тиісті құқықтық шаралар жүргізіліп жатыр.