Еуропа елдері қоймадағы газ қорын жұмсай бастады

Еуропа елдері жерасты қоймасындағы газ қорын жұмсай бастады. Бұған күннің суытуы себеп болған.

Пайдалануға байланысты көгілдір отын қоры 26,29 процентке кеміген. Бұл туралы "Gas Infrastructure Europe" ұйымы хабарлады. Сәуір айы келгелі кәрі құрлықта температура бағаны минус 7-ге дейін төмендеген. Мамандар суық ауа райы 10 сәуірге дейін сақталады дейді. Еуропа қоймаларындағы газ қорын қайта толтыру үшін 60 миллиард текше метр көгілдір отын керек.