Коста-Рикада жаңа президент сайланды

Коста-Рикада жаңа президент сайланды

Коста-Рикада Дүниежүзілік банктің басшылық қызметінде болған Родриго Чавес елдің 49-президенті болып сайланды.

60 жастағы саясаткер 52,9 процент дауысқа ие болған. Ал басты қарсыласы болған бұрынғы мемлекет басшысы Хосе Мариа Фигерестің басымдығы 47 проценттен сәл асады. Дауыс беруге осындай құқыққа ие азаматтардың 42,8 проценті келмеген. Фигерес жеңіліс тапқанын мойындап, қолдаушыларына алғыс білдірді. 4 жылға сайланатын жаңа президентті ұлықтау рәсімі 8 мамырда өтуі тиіс.