Израильде екі адам оққа ұшты

Израильде екі адам оққа ұшты

Израиль астанасы Тель-Авивте атыстан екі адам көз жұмып, 15-ке жуығы жарақат алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Зардап шеккендердің көбіне оқиға орнында көмек көрсетілген, қалғаны ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Шабуыл Тель-Авив орталығындағы Дизенгоф көшесінде бірнеше жерде жасалған. Бұл маңда көптеген шарапханалар мен мейрамханалар орналасқан. Полиция оқиғаны лаңкестік әрекет деп бағалады. Премьер-министр шұғыл әскердің штаб-пәтеріне барды. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, шабуыл жасағандардың бірі оққа ұшқан, қалған екеуі із жасырып үлгерген. Оларды ұстауға 1 мың сарбаз бен полицей жұмылдырылды.