Коста-Рикада жүк таситын ұшақ апатқа ұшырады

Коста-Рикада жүк таситын ұшақ апатқа ұшырады

Сан-Хосе шаһарында жүк таситын ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл Коста-Рика астанасы. Ұшақ әуежайға әзер қонған. Қонған бетте ортасынан қақ айырылған. Абырой болғанда, ұшқыштар аман. Олар апат дабылын көкте қосып үлгерген. Ұшақ көкке көтеріліп, 50 шақырымдай ұшқан соң гидравлика жүйесі істен шыққан. Апаттың нақты себебі енді анықталып жатыр.