Колумбияда тасқыннан 11 адам көз жұмды

Колумбияда тасқыннан 11 адам көз жұмды

Колумбияның солтүстік-батысында алапат тасқын салдарынан 11 адам ажал құшты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 14 тұрғынның тағдыры белгісіз. Қазір оларды іздеу, құтқару операциясы жүріп жатыр. Табиғи апаттан бәрінен бұрын Антьокия провинциясы қатты зардап шекті. Бірнеше күн толассыз құйған жаңбыр соңы бір-ақ түнге тасқынға ұласқан. Қалың су жергілікті кен орнын басып қалды. Кәсіпорын жұмысы тоқтап, кеніш аумағына өтуге тыйым салынды.