Канада коронавирусқа қарсы вакцинаға қаржы бөлмек

Канада коронавирусқа қарсы вакцинаға қаржы бөлмек
Хабар 24

Канада билігі табысы төмен елдерге жаңа коронавирусқа қарсы вакциналау үшін 220 миллион канадалық доллар бөледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Канаданың Премьер-министрі Джастин Трюдо баспасөз қызметінің мәлімдемесінде айтылған.
«Бүгін Премьер-министр Джастин Трюдо табысы төмен елдерде COVID-19 вакцинациясының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін 220 миллион доллар бөлінетінін мәлімдеді»,– делінген хабарламада. Қаражат COVAX халықаралық механизмі арқылы үлестірілетін болады. Бұған дейін Канада дамушы және кедей елдердегі пандемиямен күресуге 2,7 миллиард канадалық доллар көлемінде қаржы бөлген болатын.