Еуроодақ елдері Ресей мен Беларусь номерлі көліктерді кіргізбейді

Еуроодаққа мүше барлық 28 ел бүгіннен бастап өз аумағына ресейлік және беларусь номері бар автокөліктерді өткізбейді.

Бұл мәліметті Ресейдің Федералды кеден қызметіне сілтеме жасаған жергілікті ақпарат құралдары таратты. Бірақ дәрі-дәрмек, тағам, тыңайтқыш, түсті металл, медицина және ауыл шаруашылығына қатысы жоқ тауарлар мен гуманитарлық жүк тасымалдаған көліктерге тыйым салынбайды. Осының алдында Еуроодақ Кеңесі 16 сәуірге дейін Беларусь жүк көліктері "кәрі құрлық" шекарасынан шығуы тиіс деген шешім шығарған болатын. Мұнда да пошта қызметін көрсететін және мұнай-газ, медицина, дәрі-дәрмек және ауылшаруашылық өнімдерін тасымалдайтын компанияларға жеңілдік берілмек.