Шри-Ланкада билікке қарсы толқулар жалғасып жатыр

Шри-Ланкада билікке қарсы толқулар жалғасып жатыр

Шерушілер президенттің отставкаға кетуін талап етуде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шри-Ланкада наразылық акциялары өткен апталарда басталды. Оған пандемиядан елдің басты кірісі саналатын туризм саласының құлдырауы – себеп. Салдарынн мемлекеттің валюта қоры азайып, үкімет шетелден тауар тасымалдай алмай қарызға батқан. Бұл өз кезегінде жанармай, электр энергиясы, азық-түлік және дәрі-дәрмек тапшылығына әкеліп, халықтың әл-ауқаты күрт нашарлаған. Дағдарысқа байланысты өткен аптада үкімет отставкаға кетіп, президент елді тек бірнеше министрмен басқарып келеді. Халық мемлекет басшысынан да қызметтен кетуін талап етіп жатыр.

Дина Ризви, шеруші:

- Біз Раджапаксаның отставкаға кетуін талап етеміз. Оның елімізді басқарғанын қаламаймыз. Себебі қазіргі биліктің әрекетінен қатты зардап шегіп отырмыз. Бізге жүйені өзгерту керек.