Испанияда 17 мигрант құтқарылды

Испанияда 17 мигрант құтқарылды

Канар аралдарының маңында Испанияның жағалау күзеті 17 мигрантты аман алып қалды.

Арасында бір әйел бар. Кірмелер  Гран-Канарияға жеткізілді. Жергілікті билік жыл басынан бер аймаққа 6 мыңнан астам босқын келгенін хабарлайды. Көбінесе Батыс Африка елдерінен келген кірмелер Испания арқылы Еуропаның өзге елдеріне өтуді көздейді. Ал, өткен жылы аймаққа 22 мыңнан астам мигрант табан тіреген. Олардың 4 400-і жолда апатқа ұшырап суға кетті. Із-түзсіз жоғалғандар қатарында  200-ден астамы кәмелет жасқа толмаған бала бар.