Аргентинада халық инфляцияның өсуіне наразы

Аргентинада халық инфляцияның өсуіне наразы

Аргентинада наурыз айында инфляция деңгейі 6,7%-ке дейін жетіп, соңғы 20 жылдық көрсеткішті жаңартты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған орай,  Буэнос-Айрес қаласында мыңдаған халық ереуілге шықты. Шаһар көшелерінде жиналған жұрт биліктен әлеуметтік көмекті арттырып, жаңа жұмыс орындарының ашылуын талап етті. Жалпы Аргентина әлемде инфляция жайлаған елдердің алдыңғы қатарында. Қазір онда екі қолға бір күрек таба алмай жүргендердің қатары артып барады. Азық-түлікке көмек бағдарламасынан бір адамға орта есеппен 180 АҚШ доллар төленеді.  Тұрғындар болса, бұл сома бір айға жетпейтінін айтып шағымданды.

Моника Сулле, белсенді:

Пандемия кезінде билік 3 млн-нан астам адам табыссыз отырғанын хабарлады. Ал, соңғы айда инфляция 6%-тен асып кеткен. Енді азық-түлік қымбаттайды деген сөз. Жалақы да өзгеріссіз тұр. Сонда қалай күн көруіміз керек?