«Мәскеу» крейсеріндегі өрт сөндірілді

«Мәскеу» крейсеріндегі өрт сөндірілді

«Мәскеу» крейсерінде шыққан өрт сөндірілді.

Бұл туралы Ресейдің Қорғаныс министрлігі мәлімдеді. Бұған дейін Ресейдің Қара теңіз флотына тиесілі кемесінде оқдәрі өртенгені туралы хабар тараған еді. Соның салдарынан экипаж шұғыл эвакуацияланған болатын. Қазір оқыс оқиғаға не себеп болғаны анықталып жатыр.

Айта кетейік, осының алдында Одесса облысының басшысы Максим Марченко аталған крейсер Украина әскері тарапынан «Нептун» зымырандарымен атқыланғанын жеткізген еді.