Қытайда COVID-19: кісі өлімінің алғашқы деректері тіркелді

Қытайда COVID-19: кісі өлімінің алғашқы деректері тіркелді

Шанхайда қатаң локдаун енгізілгелі коронавирустан алғаш кісі өлімінің деректері тіркелді. Билік 3 адамның көз жұмғанын жариялады. Марқұмдардың барлығы - жасы 80-нен асқан қарт кісілер. Мамандар оларда қосымша аурулар болған дейді. Айта кеткен жөн, 25 млн-ға жуық тұрғыны бар Шанхайда наурыздың соңында қатаң локдаун енгізілген еді.

Тұрғындардың тысқа шығуына тыйым салынып, қоғамдық көлік қозғалысы шектелген. Қатаң шараларға байланысты тұрғындар ереуілдер өткізген. Өйткені шаһарда азық-түлік пен дәрі-дәрмек тапшылығы туындаған.