Аризонада орман өрті өршіп тұр  

Аризонада орман өрті өршіп тұр  

Қызыл жалын бірнеше мың гектар жерді шарпыған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тілсіз жау 24 құрылысты күлге айналдырды. Өрт тағы жүздеген ғимаратқа қауіп төндіруде. Апаттан 2 мыңға жуық тұрғын үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Өрт сөндірушілердің жұмысына ауа райының қолайсыздығы кедергі келтіруде. Қазір аймақта қуаңшылық пен қатты жел соғып тұр.