Украинада соғыс жағдайы ұзартылды

Украинада соғыс жағдайы тағы 30 күнге 25 мамырға дейін ұзартылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Жоғарғы Рада депутаты Алексей Гончаренко мәлімдеді. Парламентке тиісті заң жобасын президент Владимир Зеленский енгізген.

Естеріңізге сала кетейік, Украинада соғыс жағдайы 24 ақпанда жарияланған. Ерекше режим кезінде коменданттық сағат қоса енгізіледі, бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады, құжаттар мен заттар жіті тексеріледі, қорғаныс қажеттігі үшін мүлік тәркіленеді.