Бейруттағы жарылысқа қатысы бар күдікті ұсталды

Бейруттағы жарылысқа қатысы бар күдікті ұсталды

Чили полициясы екі жылдай бұрын Ливан астанасы Бейруттағы жарылысқа қатысы бар деген күдікпен португалиялық азаматты ұстады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол Мадридтен Сантьягоға ұшып келгенде қамауға алынып, Испанияға кері қайтарылды. Алдын ала тергеуге қарағанда қамауға алынған азамат Бейрут портында атылған аммиак селитрасын жеткізуге қатысы бар.

Еске сала кетейік, 2020 жылы тамыз айында Бейрут портында жойқын жарылыс болып, 200-ден астам адам көз жұмды. 6 мыңға жуық адам жарақат алды. Жарылыстың жойқын болғаны соншалық шаһардың жартысы қирап бүлінді. Апаттан келген шығынның көлемі 15 миллиард долларды құрайды.