Түрікменстанда сарай ақындарының сайысы басталды

Түрікменстанда сарай ақындарының сайысы басталды

Балқан уәлаятында жаңа президентті мадақтауға арналған өлеңдерге байқау жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жеңімпаздарға бағалы сыйлық берілмек. Сайысты өткізуге жергілікті білім және мәдениет басқармасы ұйытқы болды. Бұған дейін жаңадан сайланған Сердар Бердімұхамедов осы Балкан өңіріне ресми сапармен келген. Сол кезде күтіп алу деңгейі ұнамаған сыңайлы. Енді жергілікті басшылық өз айыбын осылай жуып-шайып, өңірдің беделін көтергісі келеді-мыс.