Солтүстік Корея ядролық күштерін арттырмақ

Солтүстік Корея ядролық күштерін арттырмақ

Солтүстік Корея өзінің ядролық күштерін барынша жылдам күшейтуге ниетті. Бұл туралы Корей халық армиясының құрылу күніне орай осы елдің басшысы Ким Чен Ын мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның айтуныша, республика өзінің ядролық арсеналын ұлғайту мен нығайту бағытында қажетті шаралар қабылдауды көздеп отыр. Себебі бұл – соғыстың  алдын алатын басты қару дейді. Солтүстік Кореяның мүдделеріне қол сұғудан бас тартуға шақырды. Егер мұндай қадамға баратын болса, тежеуші күштер қолданылатынын айтады.