Сальвадорда төтенше жағдай режимі тағы бір айға ұзартылды

Сальвадорда төтенше жағдай режимі тағы бір айға ұзартылды

Сальвадор конгресі елдегі төтенше жағдай режимін тағы бір айға ұзартты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Билік өкілдерінің айтуынша, мұндай шара өз нәтижесін беріп келеді. Тек бірнеше аптада Сальвадор билігі елдегі қылмыстық топтар мен оларға қатысы бар 16 мыңнан астам адамды қамауға алған. Аталған режимді өткен айда ел президенті жариялаған болатын. Сол кезде Сальвадорда бір тәулік ішінде 62 азамат кісі қолынан қаза тапқан еді.