Германияда инфляция кейінгі 40 жылдағы ең жоғарғы көрсеткішке жеткен

Германияда инфляция кейінгі 40 жылдағы ең жоғарғы көрсеткішке жеткен

Бұған Украина мен Ресей арасындағы қақтығыс себеп, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан елде табиғи газ, мұнай өнімдері мен электр қуаты қымбаттаған. Бұл тұтынушылардың қалтасын қағып, халық тапқан-таянғанын келесі айлыққа жеткізе алмай жатыр. Инфляцияның шарықтауынан кей өңірлерде сұйық май мен ұн тапшылығы байқалған. Соңғы кездері аймақтағы азық-түлік бойынша қайырымдылық ұйымдарынан көмек сұрайтындардың қатары да артып кеткен. Жуырда елдің ауылшаруашылық министрі Үкіметтен жеміс-жидек, көкөніс пен бұршақ тұқымдастарға қосылған құн салығын алып тастауды сұрады. Қаржыгерлер болса 2022 жылы ел экономикасы 2,2 процентке құлдырайды деп болжам жасайды.