Ресей басып алған Херсон қаласында наразылық акциясы өтті

Ресей әскері басып алған Херсон қаласында наразылық акция ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Халық әскерилердің шаһарда жүруіне қарсылық танытқан.

Ашуға бой алдырғандар шаһардың орталық алаңына жиналған. УНИАН агенттігінің хабарлауынша, наразыларды тарқату үшін көз жасаурататын газ қолданған. Тәртіп сақшыларының қаруына шыдас бермеген жұрт дереу үйлеріне тарауға мәжбүр болды.

КРИВОЙ РОГТЕ МЕТАЛЛУРГИЯЛЫҚ КОМБИНАТ ЖҰМЫСЫН ЖАНДАНДЫРДЫ

Ал Украинаның Кривой Рог қаласындағы ірі металлургиялық комбинат жұмысын қайта жандандырды. Зауытта алғашқы пеш жасап шығарылды. Қазір мамандар шойын өндірісіне кірісіп кетті. Комбинат басшысы барлық қызметкерлердің жұмыс орнына оралғанын айтады. Мамандар өндіріс бір ізге қойылғаннан кейін тауар экспортын жандандыруға ниетті.

Мауро Лонгобардо, тау-кен металлургиялық комбинатының бас директоры:

- Бізден 60 шақырым жерде Ресей әскері жүр. Сондықтан болашағымыз бұлыңғыр. Алайда Украина әскеріне сеніміміз мол. Сондықтан жұмысымызды жалғастыра береміз деп шештік. Әрине қауіп-қатерді де түсініп отырмыз. Жау әскері зауытқа жақындамаса да, әуеден соққы беруі әбден мүмкін.