Еуропа елдері карантиндік шектеулерді жеңілдете бастады

Еуропа елдері карантиндік шектеулерді жеңілдете бастады

Грекия, Болгария мен Литва үкіметі бүгіннен бастап шет елден келген туристер үшін барлық карантиндік шектеулерді жеңілдетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биліктің бұндай шешіміне аймақтағы эпидахуалдың оңалуы себеп. Статистикаға сәйкес Грекияда науқастардың тәуліктік саны 7 мыңға дейін жетеді. Десе де қабылданған шешім қыркүйектің біріне дейін ғана күшінде болмақ. Ал жуырда Болгария билігі шет елден келген меймандардан «жасыл сертификатты» талап етпейтін болды.