Ұлыбританияда мигранттардың жолы кесілді

Ұлыбританияда мигранттардың жолы кесілді

250-ден астам мигрант Ла-Манш арқылы Ұлыбританияға өтпек болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ 7 шағын қайыққа мінген босқындардың жолын шекарашылар кесті. Арасында балалар мен әйелдер бар. Барлығы Дувр айлағына жеткізілді. Бұл сәуірдің ортасынан бері тіркелген алғашқы заңсыз әрекет. Премьер-министр Борис Джонсон қолға түскен барлық мигранттарды Руандаға жіберетінін мәлімдеді. Бірақ оның бұл әрекетіне оппозиция мен кейбір қоғамдық ұйымдар қарсы шықты.