ЕО Ресей газына тәуелділікті азайту жолдарын қарастырып жатыр

ЕО Ресей газына тәуелділікті азайту жолдарын қарастырып жатыр

Еуроодақ Африка елдерімен энергетикалық сектордағы ынтымақтастықты нығайтуға ниетті. Бұл ресей газына тәуелділікті азайту үшін жасалуы тиіс. Блумберг агенттігінің хабарлауынша, қазір Нигерия, Сенегал мен Анголадан сұйылтылған газ тасымалдау қарастырылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен аптада Газпром, Польша мен Болгарияға көгілдір отын жеткізуді тоқтатқан. Өйткені олар төлемдерді рубльмен жасаудан бас тартты. Өткен жылы Ресей газының 71 проценті Еуроодақ елдеріне тасымалданған. Алайда Украинадағы қарулы қақтығысқа байланысты Құрлық елдері ресейден энергия импортын азайтуға ниетті. Қазір мұнай эмбаргосы қызу талқыланып жатыр. Бұл бастаманы Мажарстан мен Словакия құптамай отыр.