Украинада жол апатынан 26 адам ажал құшты

Украинаның батысында ірі жол апаты болып, 26 адам көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы елдің Ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Ровно аймағында бір үлкен, бір шағын автобус пен жанармай жүк көлігі соқтығысты. Апаттан кейін жарылыс болған. Үлкен автобус Польшаға бара жатқан. Құрбандар арасында 24 жолаушы мен 2 автобустың жүргізушісі бар. Тағы 12 адам жарақат алған.

Олексий Камишанский, Ровно аймағының полиция басшысы:

– Қайғылы жол апаты Киев-Чоп тас жолында Ситне ауылың маңайында болды. Тергеу амалдары басталып кетті. Әзірге апат себебі туралы ештеңе айта алмаймыз. Анық-қанығы белгілі болған соң, хабарлаймыз.