Ұлыбританияда Марадонаның жейдесі рекордты бағаға сатылды

Ұлыбританияда Марадонаның жейдесі рекордты бағаға сатылды

Әйгілі футболшы Диего Марадонаның жейдесі рекордты бағаға, яғни 9 млн ақш долларына сатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Футбол тарихында ерекше із қалдырған әйгілі ойыншы бұл жейдемен 1986 жылы әлем чемпионатында Англия құрамасының қақпасына қолмен доп кіргізіп, кейін бұл гол «Құдайдың қолы» деп аталып кеткен. Осылайша футболшы өз командасын алға шығарған. Марадоннаға дейін жейде Англия құрама командасының жартылай қорғаушысы Стив Ходжке тиесілі болды. Ал, оның жаңа иесі аты-жөнін жарияламауды жөн көрді.