Мексикада 280 мигрант қамалған көлік табылды

Мексикада 280 мигрант қамалған көлік табылды

Мексиканың Веракруз штатында ішінде 280 мигрант отырған жүк көлігі табылды. Болжам бойынша заңсыз кірмелер көлік сынып қалғандықтан, жол бойында қараусыз қалған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Полиция қызметкерлері олардың Никарагуа, Сальвадор, Куба, Эквадор, Гватемала мен Гондурастан келгенін хабарлайды. Арасында 18 адам кәмелет жасқа толмаған екен. Кейбіреулері дәрігерлердің  көмегіне жүгінді. Тәртіп сақшылары кірмелердің құжаттары анықталмайынша қамауда отыратынын хабарлайды.

Хорхе Гарсиа, Қызыл крес ұйымының қызметкері:

Жүргізуші көлікке арналған қосалқы бөлшектерді іздеп табу үшін темір тұлпарын тастап кеткен болар. Сыртта жүрген тұрғындар қамалып қалғандардың қатты айғайынан естіп қалды. Күн болса ысып тұр. Адамдар дер кезінде табылмаса, ағзаның сусыздануынан біразы көз жұмар еді.