Әлемде соңғы жылы аш адамдардың саны күрт өсті

Әлемде соңғы жылы аш адамдардың саны күрт өсті

Әлемде соңғы бір жылда тойып тамақ ішпей ашаршылыққа душар болған адамдардың саны 40 млн-ға артып, 193 млн-ға жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы азық-түлік дағдарысымен күрес бойынша ғаламдық желі мәлімдеді. Біріккен Ұлттар мен тағы бірнеше ұйымды біріктірген желі өкілдерінің айтуынша, әсіресе аштық Ауғанстан мен Африка елдерінде күшейген. Сарапшылар биыл құрғақшылық пен Украинадағы ахуалға байланысты жағдай одан әрі нашарлайтынын айтып отыр.