АҚШ-та жойқын торнадо бірнеше штатта ойран салды 

АҚШ-та жойқын торнадо бірнеше штатта ойран салды 

АҚШ-тың Техас пен Оклахома штаттарында жойқын торнадо болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Табиғаттың тосын мінезінен мектептер мен ондаған ғимаратқа зақым келді. Долы дауылдан ауылшаруашылық алқаптар да зардап шеккен. Оклахома мен Арканзас аумағында су тасқыны басталды. Ал Техастың шығысындағы автокөлік саябағындағы бірнеше ғимарат қирап қалды. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Семинол қаласы ең көп зардап шеккен. Қазір мамандар апаттан келген шығын мөлшерін есептеуге кірісті. Ал синоптиктердің болжамы көңіл көншітпейді. Айтуынша, бүгін долы дауыл штаттың өзге өңірлерінде де мінез көрсетпек.