Украина 25 тоннаға жуық астықты сатуға шығара алмай отыр

Украина 25 тоннаға жуық астықты сатуға шығара алмай отыр

Украинадан 25 миллион тоннаға жуық астық экспортталмай жатыр. Оған логистикалық қиындықтар себеп. Бұл негізінен кемежайлардың жабылуымен байланысты. Ол туралы БҰҰ-ның өкілдері хабарлайды.

Айтуларынша, соның салдарынан әлемде азық-түлік бағасы қымбаттап кеткен.

Айта кеткен жөн, Украина бидай мен жүгерінің ірі экспорттаушыларының бірі саналады.

Сарапшылардың пайымдауынша, қарулы қақтығыс салдарынан биыл мемлекет астықтың үштен бірін жинай алмай қалуы мүмкін.