Түркияда «Трабзонспор» жанкүйерлері чемпиондық атақты тойлап жатыр

Түркияда «Трабзонспор» жанкүйерлері чемпиондық атақты тойлап жатыр

Түркияның «Трабзонспор» футбол клубының жанкүйерлері сүйікті командасының 38 жылда алғаш рет чемпион болуын атап өтті. Қуаныштары қойынына сыймаған мыңдаған жанкүйер қолдарына телефон ұстап Ыстамбұл қаласында әдемі көрініс ұйымдастырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Трабзонспор» суперлиганың аяқталуына үш тур қалғанда қарсыластарын шаң қаптырып кетті. Трабзондықтар кейінгі 10 жылда бас жүлдені бермей келген Ыстамбұл клубтарының жеңісін үзді.

Мюнхендік «Бавария» футбол клубы да чемпиондық олжасын алып, жеңісін атап өтті. Германияның ең атақты командасы өткен айда Бундеслигада 10-шы рет топ жарған еді. Кешегі Штутгартпен кездесу тең аяқталды. Дегенмен мюнхендік команданы ешкім қуып жете алмайды.