Еуропада вирустан екі млн адам көз жұмды

Еуропада вирустан екі млн адам көз жұмды

Ал Еуропада індет құрбандарының саны 2 милилоннан асып кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Наурыздың бірінші жартысында эпидахуал ушыққаннан кейін қазір мұнда аурудың таралуы бәсеңдеп келеді. Кейінгі бір аптада вирус жұқтырғандар саны 26 процентке азайған. Сол себепті Кәрі құрлықтағы елдер карантин талаптарын жеңілдетіп жатыр.

Оливье Веран, Франция денсаулық сақтау министрі:

– 16 мамырдан бастап Францияда қоғамдық көлікте маска талап етілмейді. Десе де оны тағып жүре беруге кеңес береміз. Өйткені бізде індеттің бесінші толқыны әлі аяқталған жоқ. Сондықтан аурухана мен қарттар үйінде вакциналау төлқұжаты осы жаздың соңына дейін сақталады. Өйткені егде жастағы тұрғындар мен науқастардың денсаулығына салғырт қарай алмаймыз.