Иранда азық-түлік бағасы күрт қымбаттады

Иранда азық-түлік бағасы күрт қымбаттады

Иранда азық-түлік бағасы күрт шарықтап кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, елде өсімдік майы, құс еті, жұмыртқа және сүт бірден 300 процентке қымбаттаған. Сарапшылар мәселені Украиндағы ахуалмен байланыстырып отыр. Қарулы қақтығыстың кесірінен азық-түлік жеткізуде іркіліс болып жатыр. Бұдан бөлек, Үкіметтің аса қажетті тауарларға субсидияларды алып тастауы жағдайды тіпті ушықтырып жіберген. Иран басшысы жақында ғана нан, дәрі-дәрмек пен жанармай бағасы өзгермейтінін айтқан еді. Бірақ көп ұзамай нан бағасы 3 есе көтерілді. Елде азық-түлік тапшылығы пайда болды.