Нью-Мексико штатында алапат өрт болып жатыр

Нью-Мексико штатында алапат өрт болып жатыр

Нью-Мексико штатында алапат өрт болып жатыр.

Тілсіз жау қазірдің өзінде 824 шаршы шақырым орман алқабын күлге айналдырды. Бірнеше үй жанып кетті. Мыңдаған тұрғын жылы орнын суытуға мәжбүр болды. Мамандар өртті ауыздықтауға күшті жел кедергі келтіріп отырғанын айтады. Метеорологтар жақын арада жауын жаумайды, сондықтан бұл аймақ тарихындағы ең алапат өртке айналуы мүмкін деп ескертті.