Биыл Айдың тұтылуы Чили астанасы тұсынан анық көрінді

Биыл Айдың тұтылуы Чили астанасы тұсынан анық көрінді

Кеше Латын Америкасы халқы да биылғы жылғы Айдың алғашқы толық тұтылуын тамашалады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жолы соңғы 10 жылда тіркелген ең ұзақ тұтылу болды. Жер көлеңкесінің Айдың бетін ең көп жабуы Чили астанасы Сантьяго тұсынан жақсы көрінді. Табиғаттың сирек кездесетін құбылысынан аспан денесі қанқызыл түске енді. Ерекше құбылысты Африка, Еуропа және Таяу Шығыс халқы да тамашалады.