Германияда құйын ғимараттарды қиратты

Германияда құйын ғимараттарды қиратты

Германияның батысында да алапат құйын соғып, жолындағысын ұшырып, қиратып өткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жұрт аласапыранда не болып, не қойғанын да аңғара алмай қалды. Себебі аймақта бірден бірнеше құйын жүрген. Көшеде шашылған құрылыс материалдары мен көліктен аяқ алып жүрер жер жоқ.

Құйын ондаған ғимаратты қиратты.  Апаттан 38 жастағы ер адамның қаза болғаны белгілі. Тағы 40-тан астам адам зардап шекті. Әзірге құйыннан келген шығын мөлшері есептелген жоқ. Мамандар апат салдарын жоюға кірісті.