Үндістанда қымбатшылық қыспаққа алды

Үндістанда қымбатшылық қыспаққа алды

Үндістан халқын қымбатшылық қыспаққа алды. Өткен айда инфляция деңгейі 8%-ке жуықтаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл кейінгі 8 жылда болмаған ең үлкен көрсеткіш. Елде бір жыл ішінде ет, шай, май, көкөніс пен жеміс-жидек бағасы 25%-ке, ал жанармай құны 40%-ке өскен. Сарапшылар бұған бүкіл әлемде энергия тасымалдаушылар мен азық-түліктің қымбаттауы себеп дейді. Жағдай одан ары қарай ушығып кетпес үшін билік тиісті шараларды қолға алып жатыр. Мәселен 1 маусымнан бастап қант экспортына шектеу қойылды. Үндістан ең ірі қант өндіруші елдердің бірі. Енді әлемде қант бағасы қымбаттауы мүмкін, - дейді сарапшылар. Бұған дейін Үндістан бидай экспорттауға да тыйым салған болатын.