Чилиде жүздеген студент наразылық шеруіне шықты

Чилиде жүздеген студент наразылық шеруіне шықты

Бейбіт басталған акция полициямен қақтығысқа ұласты.

Студенттердің көшеге шығуына жоғары оқу орындарындағы ахуал түрткі болды. Жастар үкіметтен тамаққа субсидия бөліп, мемлекеттік мектептерді жақсартуға қаржы қарастыруын талап етті.

Чилидің қазіргі президенті Габриэль Борич кезінде студенттердің көшбасшысы болып, елдегі теңсіздікке қарсы күрескен. Бірақ ол билікке келгелі рейтингісі төмендеп кетті. Сарапшылар Борич уәдесінде тұрмады, елдің саяси өмірінде өзгерістер жасай алмады деп отыр.