Шанхайда коронавирусқа қатысты шектеу шаралары біртіндеп алына бастады

Шанхайда коронавирусқа қатысты шектеу шаралары біртіндеп алына бастады

Ұзақ үзілістен кейін қаладағы сауда орталықтарының жұмысы қайта жанданды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әмбебап дүкендер де ашылған. Бірақ бәрі санитарлық талаптарды сақтауы тиіс. Мәселен, тұрғындар ішке кірерде,,, теріс нәтижелі ПТР тест анықтамасын көрсетуі керек. Бұдан бөлек, дүкен ішіндегі адам санына да шектеу қойылған.