Еуропа елдеріндегі украиналық босқындар отанына оралып жатыр

Отан оттан да ыстық. Еуропа елдеріндегі украиналық босқындар қауіп пен қатерге қарамастан туған жеріне оралып жатыр. Мемлекеттік кеден қызметінің мәліметі бойынша күн сайын Польша, Румыния, Словакия, Молдова және Венгрия шекарасы арқылы Украинаға 40 мыңға жуық босқын қайтып келуде, оның 20 мыңы жеке көлігімен жеткендер.

Украинадағы соғыстың тоқсан төртінші күні. Шетелге бас сауғалаған босқындар саны алты млн асқанын БҰҰ мәлімдеді. Тыныштық іздеп, шетел жағалаған украиналықтардың басым бөлігі Еуропа елдеріне қарай ауған. Испания ресми түрде 120 000 украиналықты қабылдады, алайда үш ай бойы олардың 6,5 пайызы ғана жұмысқа орналаса алған, қалғаны екі қолға бір күрек таба алмай, күндерін әзер көріп жүр. 40 мың украиналық бала Испания мектебіне орналасыпты, алайда балаларын әлі күнге дейін оқу ордасына тіркете алмай жүрген босқындар саны да өте көп. Олардың ата-аналары қара жұмысқа да орналаса алмай, әуреге түскен…

Елена, Испаниядағы украиналық босқын:

- Үш ай бойы балаларды не мектеп, не бақшаға орналастыра алмадық.

Үш ай бойы Виктория және оның анасы Елена қара жұмыс таба алмай көп сандалған. Испания оның ішінде Барселонада ыдыс жуу, үй тазалау сияқты жұмыстың өзінде орын жоқ, тілдік фактор тағы бар,- деп мұңын шағады қос Ана. 

Виктория, Испаниядағы украиналық босқын

- Қара жұмыстың өзіне орналаса алмадық. Бұл жерде жұмыс туыс-таныс арқылы берілетін сияқты. Жоқ дегенде испан және ағылшын тілін білу керек. Аз уақытта тіл меңгеріп алу оңай емес

Сондықтан Виктория және оның екі баласы әрі апасы Еленамен енді Украинаға қайтуды қарастырып жатыр.

Виктория, Испаниядағы украиналық босқын:

- Испания жылы қабылдап тамақ, жатын орын берді. Алайда біз бұл елде бәрібір босқынбыз. Сондықтан енді елге қайтатын қаражат берсе - бүгін ақ кетеміз, бір күн де тұрмаймыз.

- Не боитесь ???

- Нет мы не боимся. Страх есть, но вы должны понимать что такое Родина мы верим что мы победим 

Елін сағынып, еңіреп жылап жіберген Аняның да айтары осы. Өзі Харьковтен, сегіз жасар қызы қасында. Соғысқа дейін бақшада тәрбиеші боп қызмет атқарған, Украина деген сөзді естігінде… көзіне кеп қалған жасты іркіп ұстай алмады…

Анна, Барселонадағы украиналық босқын:

- Все хорошо, кормит хорошо. Все равно хотим в Украину.

- Хотите домой ?

- Да.  

Осылайша қауіп пен қатерге қарамастан туған Жеріне оралып жатқан украиналықтардың саны тәулігіне 40 мыңға жуықтайды. Ұшақ қатынасы жоқ, сондықтан босқындар Польша, Румыния, Словакия, Молдова және Венгрия шекарасы арқылы Украинаға оралып жатыр. Еуропадан еліне өз көлігімен гуманитарлық көмек тасып жүргендер қаншама… Мемлекеттік кеден қызметінің мәліметі бойынша тәулігіне Украинаға жеке көлігімен келген адамдар саны 20 мыңға жуықтайды. 

Аида Қыдырбай, Дмитрий Рогач